Оңтүстікте су тасып жатыр – видео  
Оңтүстікте су тасып жатыр – видео  
Фото: ТЖД-нен алынды
1,168
оқылды
Оңтүстікте күннің күрт жылынуы салдарынан қар еріп, өзендер арнасынан асты. Бүгін сағат 08.00-ден бастап таулы аудандарда қар еріп, жауын-шашын көп жауғандықтан,  су деңгейі көтерілді. Бұл туралы Aikyn.kz Түркістан облыстық ТЖД-на сілтеме жасап хабарлайды.  Кентау, Түркістан қаласы мен Бәйдібек, Ордабасы және Сауран ауданында аула мен көшелер су астында қалды. ТЖД мамандары үйлерді су баспасын деп жаңбыр суына арық қазып жатыр. 50-ден астам құтқарушы, 10 бірлік техника және 20 мотопомпалар жұмылдырылды.