Қазақстанда шетелдік нөмірлі көліктерді заңдастыру жалғасып жатыр. Көкшетау тұрғыны 10 мыңыншы болып көлігіне жаңа нөмір алды. Бұл туралы Aikyn.kz сайты Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
31 жастағы Азамат Еслямбеков Honda Odyssey маркалы автокөлікті Армениядан алып келген. Көлігін заңдастырып, қазақстандық техпаспорт пен мемлекеттік нөмір алды.
Заңдастыру 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады.
Өтінім беру:
eGov.kz үкімет порталы арқылы; екінші деңгейлі банктердің қосымшалары арқылы;
ХҚКО арқылы жүзеге асады.
Ескерер жайт, автокөлік Қазақстанға 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінуі тиіс. Іздеуде, яғни қылмыстық есепте болмауы керек. Өзге мемлекетте бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылуы қажет.
Сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден әкелінген автокөлік кедендік тазартудан өтуі керек.