Астананың мамандандырылған ауданаралық сотында журналист Махамбет Әбжанның ісіне қатысты сот отырысы жабық режимде өтті, – деп хабарлады ABZHAN NEWS Telegram каналы.
Прокурор журналисті аса ірі мөлшерде ақша бопсалағаны үшін 11 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.
Үкім 3 ақпанда шығарылады.
Еске сала кетейік, былтыр 3 шілдеде Махамбет Әбжанның 50 миллион теңге алып жатқан сәтінде ұсталғаны белгілі болды. Кәсіпкер Рашит Махат ақша бопсалау дерегімен полицияға шағымданған.