Белсендінің өлімі анықталды
Белсендінің өлімі анықталды
380
оқылды
Ішкі істер министрлігі белсенді Дулат Ағаділдің өлі­міне қатысты Нұр-Сұлтан қаласында өткен брифингте ресми мәлімдеме жасады. Министрдің орынбасары Арыс­танғали Заппаровтың айтуынша, белсенді поли­ция қызметкерлері алып кеткен кезде мас болған. – 24 ақпан күні кешкі 21.00 шамасында Ақмола облысы Целиноград аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері Талап­кер елді мекенінің 1977 жылы туған азаматы Дулат Ағаділді Ақмол елді мекенінің емха­насына жеткізген. Тәртіп бо­йынша сараптама жасалды. Сол жерде азаматтың қанында орта дәрежедегі алкоголь бары анық­талды. Нұр-Сұлтан қала­сын­дағы сот сараптама орталы­ғында тексеріс жүргізілгенде де­не жа­рақатының бар-жоғы тек­­серілді. Камераға оқшаулау ал­дында азамат денсаулығы жай­лы арыз-шағым білдірмеген, – дейді вице-министр. Одан әрі министрлік өкілі қайғылы оқиғаның мән-жайын баяндап берді.
– Таңғы алтыда Дулат Ағаділ тамақ ішкен соң дәретханаға кет­кен. Одан шығысымен тізер­леп отырып, артынша құлаған. Камерадағылар Ағаділдің ден­саулығы нашарлағаны жайлы бақылаушыға хабарлайды. Ба­қылаушы алғашқы көмек көрсе­тіп, жедел жәрдем шақырған. Жедел жәрдем қызметі азамат­тың көз жұмғанын тіркеген. Де­несінде зорлық-зомбылық бел­гілері болмаған, – деді А.Заппаров.
Бұған дейін елордадағы тер­геу изоляторында қоғам бел­сендісі Дулат Ағаділдің қайтыс болғаны хабарланған. Сот са­раптама қорытындысы оның ұсталған кезде мас күйде болға­нын көрсетті. Полицейлердің мәліметінше, өлімнің себебі – жүрек-қан тамырларының ақа­уы. Сотқа дейінгі тергеу жұмыс­тары басталды.   Мадияр ТӨЛЕУ