Түркістан облысындағы су тасқыны: жедел штаб үздіксіз жұмыс істеп жатыр
Түркістан облысындағы су тасқыны: жедел штаб үздіксіз жұмыс істеп жатыр
Фото: Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен алынды
2,662
оқылды
Кешеден бері Түркістан облысының бірнеше ауданында қар еріп, жауын-шашыннан кейін су тасыды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Түркістан облысы әкімдігінің мәліметінше, қазіргі уақытта 4 елді мекенде, атап айтқанда, Бәйдібек ауданында Шаян мен Шақпақ, Сауран ауданында Шаға және Арыс қаласында су бұру жұмыстары жүргізіліп жатыр. ТЖМ және жергілікті атқарушы органдардың күштерімен үйлерді су басуына жол бермеу мақсатында 12 000 бірлік құм салынған қап төселді.    width= Қарнақ ауылында Кентау қаласы, Бәйдібек, Ордабасы, Сауран аудандарында барлығы 21 көше мен 235 аула аумағын, сондай-ақ Ордабасы ауданында мектептің аумағын су басқан. Жұмыс жүргізуге ТЖМ, жергілікті атқарушы органдардың, Қорғаныс министрлігінің күштері мен құралдарынан 400-ден астам адам, 70-ке жуық техника, 35 мотопомпа жұмылдырылды.    width= ТЖД күшімен Кентау қаласындағы Қарнақ ауылының, Сауран, Бәйдібек аудандарының су басқан аула аумағынан 204 адам және 201 ұсақ мал эвакуацияланды. Халықты эвакуациялау және уақытша орналастыру үшін жергілікті атқарушы органдар Сауран ауданында 4 эвакуациялау пунктін дайындады.
Республикалық және облыстық жедел штаб жұмыс істейді. Жедел желі телефондары: Астанада – 87172533284; Түркістан облысында – 87253357881.
Облыстық маңызы бар 11 автомобиль жолының 23 учаскесінде жол төсемін су шайды. Су тасқынына байланысты облыстық маңызы бар «Көксаят-Ақсу-Саян-Мыңбұлақ-М-32», 118-136 км 117-179 автожолы жабылды. ТЖ-ны жою үшін Түркістан облысына Шымкент қаласының ТЖД күштері мен құралдары жіберілді. «Қазгидрометтің» мәліметінше, 3 ақпанда облыстың басым бөлігінде жауын-шашын жауады. Қар ериді. Өзен-көл арнасынан асып, су тасиды.