Мәскеу мемлекеттік гуманитарлық университетінің студенті ChatGPT нейрондық желісінің көмегімен дипломдық жұмысын қалай жазып, қорғағаны туралы тәжірибесімен желіде бөлісті. Нейрондық желінің көмегімен «қанағаттанарлық» деген бағаға қорғалған дипломдық жұмыс туралы hi-tech.mail.ru ресурсына сілтеме жасап Aikyn.kz хабарлайды. [caption id="attachment_238925" align="aligncenter" > Толық дайындауға небәрі 23 сағат кеткен дипломдық жұмыстың тақырыбы «Ойын компаниясының менеджментін талдау және жетілдіру» болған. Машина дереккөздерден материалдарды жинақтап, оны сұрыптап қорытынды жасайды. Фото gettyimages.com сайтынан алынды. Авторы: CFOTO/Future Publishing[/caption] Толық дайындауға небәрі 23 сағат кеткен дипломдық жұмыстың тақырыбы «Ойын компаниясының менеджментін талдау және жетілдіру» болған. Алдымен студент ChatGPT-тен дипломдық жұмысын жоспарлауды сұрайды. Содан кейін дипломдық жоспардың бөлімдері бойынша мәтіндер жазуды тапсырады.
Машинаның алгоритмдері алдын ала таңдалған дереккөздерден барлық қолжетімді материалдарды жинақтап, оны сұрыптап қорытынды жасайды.[caption id="attachment_238926" align="aligncenter" > Диплом жұмысы «қанағаттанарлық» деген бағамен қорғалған. Антиплагиат жүйесінде тексерілген жұмыстың бірегейлік көрсеткіші де жоғары – 82 пайыз болған. Фото gettyimages.com сайтынан алынды. Авторы: Jakub Porzycki[/caption] Тапқыр студенттің айтуынша ол ChatGPT-ті ағылшын тілінде қолданған – мол материал қоры болғандықтан нейрондық желі осы тілде жақсы жазады. Нәтижесінде жасанды интеллект (ЖИ) чаты бірнеше мәтін дайындаған.
Студент оларды біріктіріп, орыс тіліне аударып, кейбір қателерді түзетеді. Нәтижесінде диплом жұмысы «қанағаттанарлық» деген бағамен қорғалған.Антиплагиат жүйесінде тексерілген жұмыстың бірегейлік көрсеткіші де жоғары – 82 пайыз болды. Университет түлегі бар болғаны 23 сағат қана машинамен жұмыс істеді. Ал мұндай қорытынды диплом жұмысын өз бетінше дайындау үшін білім алушыларға бір емес, бірнеше ай керек екені белгілі. [caption id="attachment_238927" align="aligncenter" > ChatGPT-тің кемшілігі де бар: кейде нейрондық желі мәтінді 5000 таңбамен шектеп береді. Ойды ары қарай дамыту үшін ЖИ чатынан жазуды жалғастыруды сұрау керек. Фото gettyimages.com сайтынан алынды. Авторы: Frank Rumpenhorst[/caption] Өзінің тәжірибесімен бөліскен студенттің айтуынша, ChatGPT-тің кемшілігі де бар: кейде нейрондық желі мәтінді 5000 таңбамен шектеп береді. Ойды ары қарай дамыту үшін ЖИ чатынан жазуды жалғастыруды сұрау керек.
Дипломын қорғаған студент өзінің ЖИ-мен сәтті байланысы туралы Twitter-де бірнеше хабарлама да жариялады.Aikyn.kz өзінің бірнеше материалында ChatGPT тудырған дүрбелең туралы жазған болатын. Авустралиялық университеттердің ChatGPT-ге қарсы болып, студенттер оны жазба жұмысын дайындауда пайдаланады деген қаупін ресейлік студенттің тәжірибесі көрсетіп берді. Жасанды интеллектің студенттерге эссе жазып беру мүмкіндігі туралы да Aikyn.kz кезінде мақала жариялаған болатын.