Әскери бөлімнен 9 миллион теңгенің азық-түлігін өзге әріптестеріне сатқан сержант сотталды
Әскери бөлімнен 9 миллион теңгенің азық-түлігін өзге әріптестеріне сатқан сержант сотталды
Фото: Интернеттен алынды
372
оқылды
Семейдегі әскери бөлімнен 9 миллион теңгенің азық-түлігін ұрлаған сержант сотталды, – деп жазады «Қазақпарат». Тергеу барысында анықталғандай, әскери бөлімнің азық-түлік қызмет қоймасының бастығы 2018 жылдың қыркүйегінен 2019 жылдың мамырына дейінгі аралықтағы 3 900 азық-түлік жиынтығын жымқырған. Оны «есептен шығарылды» деп әріптестеріне сатқан. Соттың баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде: «Қоймадан 8 951 022 теңгенің өнімі қолды болған. Сот барысында тараптар процессуалды келісімге келді. Әскери қызметші ҚР ҚК-нің 189-бабы 3-бөлігінің 1-тармағымен кінәлі деп танып, 3 жыл 6 айға бас бостандығы шектелді. Сондай-ақ ол «сержант» әскери шенінен айырылды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ» делінген. Айта кетейік, бұған дейін Түркістан облысында сыбайластарымен бірлесіп, қару-жарақ сатпақ болған сарбаз жайында жазған болатынбыз.