"Меккеде қазір ақшадан басқа ештеңе жоқ. Қасиеті қалмады": Періштелермен тілдескен көріпкел не естігенін айтты
"Меккеде қазір ақшадан басқа ештеңе жоқ. Қасиеті қалмады": Періштелермен тілдескен көріпкел не естігенін айтты
"Рухтармен, періштелермен сөйлесемін" деп регрессология атты Батыстан келген әлдебір ілімді насихаттап жүрген Жанат Бақыт Меккенің қасиетті екенін жоққа шығарды. Бұл туралы ол Instagram желісінде оқырмандарына айтқан.
"Осы жерден тыныштық табамын ғой деп дінге барсаң "Өйтпесең тозақ. Бүйтпесең тозақ!".  Адам қорқа берсе, блоктары бітеліп қалып, қара энергия көбейіп кетеді. Мені дінге қарсы деп ойламай-ақ қойыңыздар. Терапияға келген қыздар періштелерінен сұрап жатыр "Меккеде не бар?" деген кезде "Меккеде қазір ақшадан басқа ештеңе жоқ. Қадір-қасиеті қалмады. Бір кездері қадірлі болған. Ақ болған. Қазір бизнестің иісі шығады. Тек ақша ғана бар ол жерде. "Сетевой" сияқты. Сетевой секта басқа ештеңе жоқ ол жерде" деген. Вот, пожалуйста. Қай жерге барып жатырсыздар?!", – дейді ол.
Еске салайық, қайтыс болған туыстарыңның рухтарымен тілдестіріп беретін регрессолог маманмен сұхбатты жариялаған болатынбыз. Көпшілік қызу талқылап, түрлі пікір білдірді. Айтуынша, бұл ілім адамның өзін-өзі тануына жәрдемдеседі. Біз қазір жаңа дәуірге өтіп жатырмыз-мыс. Ол дәуірдің аты – суқұйғыш деп аталады екен.
"Жаңа дәуірде адамдар космоспен байланысуды еркін меңгеріп, періштелерімен, инопланетарлықтармен тілдесе алатын болады", – дейді регроссологтер.
Жанат Бақыттың өзі періштелермен айтқан әңгімесін желіде ұдайы жария етіп отырады. Ал бұл әрекетінен жақындары шошып, "Сені жын сөйлетіп жүр ме?" деп айыптайтын көрінеді.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Zhanat Baqyt (@zhanat_bakyt)