Әскерден аман оралған ұлына той жасап берген (видео)
Әскерден аман оралған ұлына той жасап берген (видео)
Әскери борышын өтеп, өзі өскен ортаға аман оралған жігіттің туыстары тойханаға бар туысын шақырып той берген. Әдеттегі тойлардай келген қонақтар дастарханға жайғасып, себепкер әнмен ортаға шығарылды. Жігіт әскери киімін киіп, ту жамылып, әншілер тақырыпқа сай әндетіп, кеш көңілді өткен. Бірақ бұл видеоны көрген жұрт түрліше пікір білдіріп жатты. Бірі еріккендік десе, тағы өзгелері аман келгеніне қуанған ата-ананың жасап жатқан қуанышы болар деп топшылады. Соңғы кездері еліміздің біраз өңірінде сарбаз өліміне қатысты түрлі даулы жағдайлар орын алды. Қазіргі күннің өзінде әскери борышын өтеп жүріп мерт болған азаматтардың қылмыстық ісіндегі оқиға желісі жұртты шошытарлық шытырман жағдайға толы. Содан болса керек, енді әскерден аман оралғанды тойлау әдетке айналар түрі бар.