Түркістан облысында нөсер жаңбырдан соң екі ауданда үй, қора-қопсы, тойханаларды су басты
Түркістан облысында нөсер жаңбырдан соң екі ауданда үй, қора-қопсы, тойханаларды су басты
Фото: gov.kz
615
оқылды
Оңтүстікте нөсер жауыннан соң сел жүрді. Сарыағаш, Қазығұрт аудандарында елді мекендерді су басты. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігі хабарлады. Тұрғын үйлерді су шайып кетпеу үшін жаңбыр суынан тазартылып жатыр. Қазығұрт ауданының 4 елді мекені мен Сарыағаш ауданының 1 ауылында 53 үйдің ауласына, 18 үйдің, 1 тойхананың, 16 қора-қопсының ішіне су кірген. Су басқан аумақтардан 50 адам эвакуацияланып, барлығы туыстарының үйіне жіберілген. Мал шығыны бар. Түннен бері Төтенше жағдайлар департаментінің 56 қызметкері, 9 бірлік техника, 11 мотопомпа және жергілікті атқарушы органдардың 19 қызметкері, 6 бірлік техника, 2 мотопомпа тартылып, суды сорып, арықтарды тазалап жатыр. Бұған дейін Қазығұрт ауданында 400-ге жуық мал қырылғанын жазған болатынбыз.