Оқыс оқиға Теміртау қаласында болған, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Балабақшада медбике мен тәрбиешінің көмекшісі төбелескені туралы видео әлеуметтік желіде жарияланды. Қалалық білім бөлімінің мәліметінше, екі әйел балалардың көз алдында ұрсысып, төбелескен.
Оқиға «Әдемі» балабақшасында 30 қаңтарда болды. Медбике тәрбиешінің көмекшісімен жанжалдасқан. Олар балалардың көзінше бейәдеп сөздер айтып, төбелескен. Үйге келген соң балалар болған оқиғаны айтып берген.
Ата-аналар медбикені жұмыстан шығаруды талап етіп отыр.
«Аталған факті бойынша қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр. «Әдемі» балабақшасының әкімшілігі Теміртау қалалық полициясының Шығыс бөліміне әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы арызбен жүгінді. Бұл мәселе қатаң бақылауға алынды», – деді білім бөлімінің өкілі.