Жоғарғы сотта ауыс-түйіс болды
Жоғарғы сотта ауыс-түйіс болды
Фото: Жоғарғы соттың баспасөз қызметі
1,171
оқылды
Президент Әкімшілігінің келісімімен Жоғарғы соттың төрағасы төрт орынбасар: Нұрсұлтан Байтілесов, Елдос Жұмақсанов, Асылбек Мүсірәлінов, Жантемір Шәкиевті қызметке тағайындалды. Бұл туралы Aikyn.kz Жоғарғы соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Сот әкімшілігінің басшысы Наиль Ахметзакиров Сот әкімшілігінің ұжымына өзінің бірінші орынбасары Нұрсұлтан Байтілесовті, орынбасарлары Елдос Жұмақсановты, Асылбек Мүсірәліновті және Жантемір Шәкиевті таныстырды. Оларды Президент Әкімшілігінің келісімімен Жоғарғы соттың төрағасы тағайындады. Сот әкімшілігінің басшысы ұжымның міндеті жаңа мемлекеттік органның алдына қойылған міндеттерді орындау екенін айтты. Айта кетейік, Нұрсұлтан Байтілесов 1991 жылы туған.    width= М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. Заң ғылымдарының магистрі. 2009-2015 жылдары – Астана қаласы аудандық сотының маманы, Атырау және Павлодар облыстық соттарында кеңсе басшысының орынбасары; 2016-2018 жылдары – Әскери сотта Соттар әкімшісінің басшысы; 2018 жылы – Жоғарғы соттың жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің Халықаралық байланыстар және протокол бөлімі меңгерушісінің орынбасары; 2018-2020 жылдары – Шымкент қаласы Соттар әкімшісінің басшысы; 2020 жылдан бастап осы уақытқа дейін – Жоғарғы соттың жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары; Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі.   Елдос Жұмақсанов 1979 жылы туған.    width= Қазақ мемлекеттік заң академиясын «Заңтану» мамандығы бойынша, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін «Экономика» мамандығы бойынша бітірген. Заң ғылымдарының кандидаты. 2001-2004 жылдары – Семей заң университетінің оқытушысы; 2004-2006 жылдары – Алматы облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің тергеушісі; 2006-2020 жылдары – Павлодар қалалық сотының, Шығыс Қазақстан облыстық сотының судьясы; 2020 жылдан бастап осы уақытқа дейін – Жоғарғы соттың жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары.   Асылбек Мүсірәлінов 1982 жылы туған. Қазақ гуманитарлық-заң университетін «Заңтану» мамандығы бойынша бітірген. Заңтану магистрі. 2004-2013 жылдары – ІІМ бас маманы, Заңнама институтында ғылыми қызметкер, сектор меңгерушісі, Әділет министрлігінде бас маман, Басқарма бастығы, Департамент директорының орынбасары; 2013-2019 жылдары – Парламент Сенатының аппаратында әртүрлі лауазымдарда істеді; 2020-2021 жылдары – Жоғарғы соттың жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті Құқық бөлімінің меңгерушісі; 2021 жылдан бастап осы уақытқа дейін – Жоғарғы соттың жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары.   Жантемір Шәкиев 1977 жылы туған. Павлодар мемлекеттік университетін және Қазақ мемлекеттік заң академиясын «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген. 2001-2017 жылдары – Павлодар облысының прокуратура органдарында, Бас прокуратурада жұмыс істеді; 2017-2019 жылдары – банк құрылымдарындағы басшылық лауазымдарда істеді; 2020-2021 жылдары – «СК Kompetenz» АҚ тарату комиссиясының төрағасы; 2022 жылдан бастап осы уақытқа дейін – Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігінің Қаржы мониторингі департаменті басқармасының басшысы болды.