Президент екі шенеунікке Екібастұздағы жылу мәселесін шешуді тапсырды
Президент екі шенеунікке Екібастұздағы жылу мәселесін шешуді тапсырды
Фото: Екібастұз әкімдігінің сайтынан алынды
287
оқылды
Екібастұздағы жылу мәселесі әлі күнге түбегейлі шешімін тапқан жоқ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мен Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановқа Екібастұзда қала тұрғындарының пәтерінде және әлеуметтік нысандарда температура режимін тұрақтандыру үшін барлық қажетті шараны қабылдауды тапсырды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Сонымен қатар Президент жылыту маусымын және жөндеу, қалпына келтіру жұмыстарының барысын тұрақты бақылауда ұстауға тапсырма берді. Бұған дейін Екібастұздағы ЖЭО-да болған апат туралы жазған болатынбыз.