«Түркия Республикасында болған аса күшті жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды зор күйзеліспен қабылдадым. Осындай қиын сәтте жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ бүкіл түрік ағайындарымыздың ауыр қайғысына ортақтасып, Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын», – деп жазылған жеделхатта.Сонымен қатар Президент Қазақстан Түркияға тиісті көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді. Айта кетейік, Түркияда 7 балдық жер сілкінісі болып, 70-тен астам адам қаза тапты. Жараланғандар саны да өсіп жатыр.
Тоқаев Түркия халқына көңіл айтты

300
оқылды
оқылды