SpaceX-тің аса ауыр зымыраны Starship келесі айда алғашқы ұшу сынақтарына дайын болатыны хабарланды. Бір ай бұрын SpaceX бас директоры Илон Маск өзінің жеке ғарыш компаниясында «ақпан айының соңында ұшырылудың нақты мүмкіндігі» бар екенін айтқан еді. Ғарышты игеру технологиясын мүлдем өзгертетін жаңа зымыран туралы slashgear.com материалына сілтеме жасап Aikyn.kz хабарлайды.
[caption id="attachment_239327" align="aligncenter" width="1225"] Super Heavy мен Starship үдету блогынан тұратын SpaceX-тің толық қайта қолдануға болатын алып зымыран жүйесі ғарышты игеру тұжырымын түбегейлі өзгертуі мүмкін. Фото techcrunch.com сайтынан алынды. Авторы: Darrell Etherington[/caption]
Super Heavy мен Starship үдету блогынан тұратын SpaceX-тің толық қайта қолдануға болатын алып зымыран жүйесі ғарышты игеру тұжырымын түбегейлі өзгертуі мүмкін.
NASA жасаған жүйелермен салыстырғанда Starship әлдеқайда ауыр жүктерді тасымалдау және шығындарды азайту арқылы революциялық басымдық әкеледі деп күтілуде.
2022 жылдың қарашасында NASA адамды Айға қондыру миссиясы аясында SpaceX компаниясына Артемида жобасына қатысуға шақырып, Starship-тің Айға қону жүйесін әзірлеуді тапсырды. Бір жылдан астам кейінге қалдырылған ұшыру сынағы аяқталып, Starship 2023 жылдың наурызында зымыран ұшуға дайын болмақ.
25 қаңтарда Aikyn.kz ауыр зымыран-тасығыштың техникалық сипаттамалары талданған материал жариялаған болатын. Мақаланы мына сілтеме бойынша оқуға болады.
[caption id="attachment_239328" align="aligncenter" width="1693"] «Әлемдегі ең қуатты зымыран-тасығыш» деп бағалаған Starship орбитаға 150 тоннаға дейін пайдалы жүкті тасымалдай алады және қайта Жерге оралады Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: Paul Hennessy[/caption]
Илон Маск: «Егер қалған сынақтар жақсы өтсе, біз келесі айда Starship-ті ұшыруға қамданамыз» деді. Бір апта бұрын SpaceX өзінің алғашқы отын құю сынамасын өткізді.
Енді компанияға тағы бірнеше сынақтар мен Super Heavy зымыран тасығышын құрайтын барлық Raptor қозғалтқыштарының статикалық өрт сынағынан өту керек. SpaceX компаниясы «әлемдегі ең қуатты зымыран-тасығыш» деп бағалаған Starship орбитаға 150 тоннаға дейін пайдалы жүкті тасымалдай алады және қайта Жерге оралады.