Қазақстан шекарасында 26 адам ұсталды
Қазақстан шекарасында 26 адам ұсталды
© ulysmedia.kz
1,170
оқылды
Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің қызметкерлері Қазақстан шекарасынан өту үшін жалған және бөтен құжаттарды пайдаланудың 26 фактісінің жолын кесті. 
"2023 жылғы қаңтар айында ҰҚК Шекара қызметінің қызметкерлері Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде жалған және бөтен құжаттарды пайдаланудың 26 фактісінің жолын кесті, оның ішінде алыс және жақын шет елдердің азаматтары да бар" делінген хабарламада.
Ұсталған шетел азаматтары шекарадан өткізілмей, кейін қайтарылды. Шекара қызметі жалған және басқа адамдардың құжаттарын қолдануды анықтауды жалғастыруда.