Қазақстан аумағында 5,4 балдық жер сілкінісі тіркелді
Қазақстан аумағында 5,4 балдық жер сілкінісі тіркелді
© ernur.kz
4,195
оқылды
Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі бүгін Алматы уақытымен сағат 19:02-де жер сілкінісін тіркеді. Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан батысқа қарай 628 км қашықтықта Қазақстан аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты – 11,7. MPV магнитудасы – 5,4. Тереңдігі – 5 км. МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы мәлімет түскен жоқ.