Жолсеріктердің абақтыдағы мерзімі ұзартылды
Жолсеріктердің абақтыдағы мерзімі ұзартылды
277
оқылды
Қостанай облыстық соты «Тальгодағы» қыз зорлау ісіне байланысты апелляциялық шағымды осымен екінші рет қарап отыр. 2019 жылдың тамыз айында дәл осы залда іс қайта қарауға жіберілген болатын. Содан кейін Жетес Үмбе­талиев пен Колқанат Құрманиязовтің жазасы күшейтілді. Сотталғандар үкімге шағым жасауға тырысты, бірақ 25 ақ­пан­да облыстық алқа оны өзгеріссіз қалдырды. «Қорғаушылардың апелляция­лық шағымдарын, сондай-ақ іс материалдарын қарап, үкімді зер­делеп, алқа бірінші сатыдағы сот­тың үкімі заңды және негізді деген қорытындыға келді. Жазаны есеп­ке алу бөлігіне өзгеріс енгізілді. 2019 жылдың желтоқсанындағы заң бойынша ҚК-нің 62-бабына сәйкес орташа қауіпсіздік түзеу колониясында сотталғандарға жаза тағайындау кезінде күзетте ұстаудың бір күні бір жарым күн ретінде есепке алу туралы өзге­рістер енгізілді» деп түсіндірді Қостанай облыстық сотының судьясы Ерлік Сералин. Жолсеріктер Жетес Үмбета­лиев пен Колқанат Құрманиязов өткен жылдың шілде айында сот залында қамауға алынды. Үкімнен кейін заңнамадағы өзгерістерге байланысты тергеу изоляторла­рын­да өткізген жеті ай орташа қа­уіпсіз ҚАЖ мекемесінде өткіз­ген 10,5 айға тең. Яғни, колонияда жолсеріктер шамамен төрт жыл және бір жарым ай өткізеді. Іс материалдарына сәйкес, зорлау 2018 жылы 26 қыркүйекте болған. Жәбірленуші елордадағы ғылыми конференциядан Ақтө­бедегі үйіне «Тальго» пойызымен қайтып келе жатқан. Келіншектің айтуынша, түнгі уақытта купенің есі­гін өз кілтімен ашып кірген жол­серіктер оны кезекпен зорлаған. 19 шілдеде жолсеріктер 120-бабы 1-бөлігі  бойынша 2,5 және 2,3 жылға бас бостан­ды­ғынан айырылды. Алайда екі тарап та үкімге наразы болып, Қостанай облыстық сотына апел­ляциялық шағым берген. Онда бірінші инстанция сотының ше­шімі жо­йылды және істі тергеуге жіберді. 25 желтоқсанда жолсе­рік­терге жаза мерзімі орташа қа­уіп­сіздік колониясында бес жылға дейін ұлғайтылды.