Қазақстанның жеті облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазақстанның жеті облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Синоптиктер қолайсыз ауа райына байланысты еліміздің 7 облысында ескерту жариялады.

Атырау облысының оңтүстігінде, орталығында қалың қар жауады. Облыстың оңтүстігінде, батысында жаяу бұрқасын жүреді. боран. Күндіз облыстың басым бөлігінде шығыстан, солтүстік шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Атырауда күндіз қар жауады, боран болады, шығыстан, солтүстік шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп болжанады.

Қызылорда облысының орталығында тұман түседі деп болжанады. Күндіз облыстың орталығында солтүстік шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Қызылордада тұман болады деп күтіледі.

Күндіз Ақтөбе облысының оңтүстік батысында қарлы боран болады деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстік-батысында шығыстан, солтүстік шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде солтүстік шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Түнде Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандары мен тау бөктерінде нөсер жаңбыр жауады, найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың орталығында, солтүстігінде тұман түседі. Шығыстан, оңтүстік шығыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні 15-20 м/с құрайды. Шымкентте түнде найзағай ойнайды деп күтіледі. Шығыстан, оңтүстік шығыстан соққан желдің найзағай кезінде екпіні – 15-20 м/с.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады деп болжанады.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, батысында көктайғақ болады. Облыстың шығысында, солтүстігінде шығыстан, оңтүстік шығыстан соққан желдің екпіні 9-14 м/с, кей тұста 15-20 м/с жетеді.

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.