Түркияда зілзаладан қаза тапқандар саны 2 900-ден асты
Түркияда зілзаладан қаза тапқандар саны 2 900-ден асты
Фото: aa.com.tr
Түркияда алапат жер сілкінісі болды. Оқиға орнынан соңғы мәліметтер туралы Aikyn.kz сайты «Анадолы» агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.  Табиғи апаттан қаза тапқандар саны 2 921 адамға жетті. 7 840 кісіні құтқарды. Жараланғандар саны 15 834-ке жетті. Кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті. Телефон арқылы сөйлесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияның бірнеше провинциясында болған жойқын зілзала салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Режеп Тайип Ердоғанға қайғыра көңіл айтты. Мемлекет басшысы Түркияның зардап шеккен аудандарындағы іздестіру-құтқару жұмыстарына көмектесу үшін Қазақстан шұғыл түрде құтқарушылар мен дәрігерлер жіберетінін, сондай-ақ бауырлас елге гуманитарлық көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді.