Жетісу және Ұлытау облысының әкімдері «AMANAT» партиясы саяси кеңесінің құрамынан шығарылды
Жетісу және Ұлытау облысының әкімдері «AMANAT» партиясы саяси кеңесінің құрамынан шығарылды
439
оқылды
«AMANAT» партиясының кезектен тыс XXV съезінде Жетісу және Ұлытау облыстарының әкімдері партияның саяси кеңесінің құрамынан шығарылды.
«Партияның саяси кеңесінің құрамынан Ұлытау және Жетісу облыстарының әкімдері шығарылуы туралы мәселе ұсынылады. Сондай-ақ жаңа облыстардың құрылғанын ескере отырып, барлық өңірлердің өкілдігін қамтамасыз ету үшін саяси кеңестің құрамына партияның Алматы облыстық филиалының төрағасы Қуат Байғожаевты, Абай облыстық филиалының төрағасы Қуаныш Сүлейменовті және партияның атқарушы хатшысы Елнұр Бейсенбаевты енгізу ұсыналады», –  деді съезд модераторы Елнұр Бейсенбаев.
Съезд  делегаттары аталған мәселелені бірауыздан қолдап дауыс берді.