Бүгін Түркиядағы 19 қазақстандық студент елге қайтады
Бүгін Түркиядағы 19 қазақстандық студент елге қайтады
© AP Photo / Mahmut Bozarslan
534
оқылды
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, Түркиядағы 19 қазақстандық студент елге қайтады. «Мерсин қаласындағы Құрметті консул, Түркия азаматы Ахмет Будан қонақүйге Қазақстанның 25 азаматын, оның ішінде 19 студентті паналатты. Бүгін осы 19 қазақстандық студент құрметті консулдықтың ұйымдастыруымен Анкараға жеткізілді және олар бүгін кешке Анкара-Астана рейсімен Қазақстанға қайтады», – деді ол БАҚ өкілдерімен өткен брифингте. Оның мәліметінше, Аданада да қазақстандық студенттер Ыстамбұлға жеткізілген. «Сондай-ақ Конья қаласындағы құрметті консул 12 қазақстандық студентке Аданадан Ыстамбұлға жетуге жәрдем көрсетті. Айта кететін жайт, Түркиядағы дипломаттарымыз Түркияның төтенше жағдайлар басқармасымен тұрақты байланыста», – деді Айбек Смадияров.