Түркияда Қазақстан азаматы табылмай жатыр
Түркияда Қазақстан азаматы табылмай жатыр
Фото: Astana Hub
784
оқылды
Түркияда болған жойқын жер сілкінісінен кейін Қазақстан азаматы Мирус Құрмашев жоғалып кетті. Бұл туралы Astana Hub бас директоры Мағжан Мәдиев айтты, – деп хабарлады Halyq Uni.
Досымыз, Astana Hub технопаркінің халықаралық агенті Мирус Құрмашев Түркиядағы зілзала кезінде жоғалып кетті. Ағасы Алмат Құрмашевтың айтуынша, жер сілкінісі кезінде ол Түркияның Хатай қаласында болған. Содан бері онымен байланыс үзілді. Отбасы мен достары алаңдап, жан-жақты іздестіруде, бірақ әлі де ешқандай хабар-ошар жоқ, – деді Мағжан Мәдиев.
Оның айтуынша, бүгін түнде Мирустың бауыры мен достары, қазақстандық еріктілер оны іздеу үшін Түркияға ұшады. Қандай да бір ақпарат болса немесе іздеу тобына қосыламын дегендер төмендегі телефонға хабарласа алады:
  • +7 702 430 20 21 – Алмат (Мирус Құрмашевтың ағасы)
Сыртқы істер министрлігі бұл жағдайға қатысты түсінік бере алмайтынын, жақындары Түркиядағы Қазақстан консулдарына хабарласу керегін атап өтті.