Алматыдағы автобус апаты: күдіктінің ісі сотқа жолданды
Алматыдағы автобус апаты: күдіктінің ісі сотқа жолданды
2,131
оқылды
Алматыда адам өліміне әкеп соққан жол апатын жасаған автобус жүргізушісіне қатысты іс сотқа жолданды.
«Бүгін қала прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарын зерделеу нәтижелері бойынша, №98 автобусының жүргізушісі ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 3-бөлігі бойынша (абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған жол қозғалысы ережелерін бұзуы) сотқа жолданды», – деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.