Жақында Aikyn.kz жасанды интеллект жүйелерін дамытуда Google-дің басты бәсекелесі саналатын OpenAI компаниясының ChatGPT-дың танымалдығының өсуі туралы материал жариялаған еді. Сонда айтылған болжамдардың дұрыстығы кеше Financial Times басылымының мақаласында да көрінді. Беделді басылымның материалына сілтеме жасаған Aikyn.kz Google-дің Bard атты чат-ботын дамыту жоспарларын талдап ұсынады.
[caption id="attachment_239621" align="aligncenter" width="1805"]
LaMDA (Language Model for Dialogue Applications) – сөйлесу қолданбаларына арналған тіл үлгісі. Бұл нейрондық тіл үлгісінің бірінші буыны 2021 жылы шығарылды, ал, екінші буыны 2022 жылы ұсынылды.6 ақпан дүйсенбіде Google жаңа құралды енгізу жарысында танымал ChatGPT-тан да қуатты чат-ботты іске қосу жоспарларымен бөлісті. Бұл мәлімдеме осыдан 2 ай бұрын шығарылған OpenAI-дің ChatGPT чат-боты бүкіл әлем назарын өзіне аударғаннан кейін жарияланды.
OpenAI компаниясының өнімі Google сияқты дәстүрлі іздеу жүйесін пайдаланудан гөрі сұрауларға жауап берудің оңай жолын көрсетті.[caption id="attachment_239622" align="aligncenter" width="1800"]
Дүйсенбі күні компанияның бас атқарушы директор Сундар Пичаи ChatGPT-де қолданылған мәтін немесе кескіндерді жасайтын, басқа да генеративті ЖИ қызметтерінің негізгі технологияларын Google ойлап тапқанын атап өтті.Сарапшылардың пікірінше, мұндай көшбасшылық сипатына қарамастан, жаңа өнімді шығаруға бюрократиялық кедергілер мен іздеу қызметінің қаржылай табысына нұқсан келтіруі мүмкін жаңашылдықтарды енгізбеуі себеп болуы мүмкін. [caption id="attachment_239623" align="aligncenter" width="1805"]
Қаржылай табыс көлемін сақтап қалу үшін Bard чат-боты LaMDA-ның «жеңілірек» нұсқасын қолданатын болады, бұл «әдетте аз өңдеу қуатын қажет етеді», – дейді Google-дің бас директоры. Пичаи сонымен қатар Google қолданушылардан әртүрлі веб-сайттарды қарамай-ақ, іздеу жүйесінде жасанды интеллекті қолданып күрделі сұрақтарға жауап беруді ұсынатынын айтты.ЖИ технологиясына негізделген машиналар да, дауыстық көмекшілер мен чат-боттар алдағы 10 жылда жаппай тұрмысқа енгізіле бермекші. Ал, жасанды машиналар дами келе адамдар оларды қандай мақсатта қолданатыны, машиналар адам өмірін қалай өзгертетіні де қиын мәселе болмақ.
Машиналар адамнан жылдам жұмыс істейді. Қажет ақпаратты тез табады. Бірақ машина мол ақпаратты қорытып, ұсынатын шешімі адам үшін қауіпті, зиянды болмауына кім жауапты? Бұл сұрақтарға жауапты адамның өзі беруі керек сияқты.«Адам, менен қорықпайсың ба?» деген машинаның сұрағын Aikyn.kz өз оқырмандарына бірнеше рет қойып келеді. Бұл материалдарды мына сілтемелерден бірінші материал және екінші материалды оқи аласыздар.