Түркістанда Орталық Азия мемлекеттерінің бірінші Парламентаралық форумы өтеді
Түркістанда Орталық Азия мемлекеттерінің бірінші Парламентаралық форумы өтеді
© aigak.kz
440
оқылды
2022 жылғы шілдеде Орталық Азия елдері Президенттерінің консультативтік кездесуінде Қазақстанның бастамасымен Орталық Азия мемлекеттерінің бірінші Парламентаралық форумын өткізу мәселесі көтерілді. Орталық Азия елдерінің парламентаралық форумы – бұл Қазақстанның ортақ міндеттер мен мақсаттарды шешу жолдарын талқылау бойынша парламенттік диалогты жандандыру үшін тиімді алаң құру әрекеті. Форум – Орталық Азия өңірін дамытудың стратегиялық бағыттарын парламентарийлер арасында талқылауға арналған тұрақты алаң. Бұл өңірлік қауіпсіздік мәселелері, бірлескен инфрақұрылымдық және логистикалық жобаларды іске асыру, өңірдің транзиттік-көліктік әлеуетін іске асыру, Орталық Азия елдері тартылған тауарларды жеткізудің баламалы маршруттарын құру. Транскаспий халықаралық көлік бағыты, сарапшылардың есептеуі бойынша, Орталық Азия елдерінің ЖІӨ-нің 15%-ға ұжымдық өсуіне ықпал етуі мүмкін. Шекара маңындағы аудандарда сауда-экономикалық және логистикалық хабтар желісін дамыту. Олар Орталық Азия елдерінің бірыңғай тауар өткізгіш жүйесінің тірек нүктелері бола алады. Форум – реформаларды заңнамалық қамтамасыз етуде тәжірибе алмасуға арналған платформа. Қазақстанның экономикалық ресурстар мен игіліктерді әділ бөлу үшін жағдай жасайтын салық заңнамасын реформалау саласында жақсы әзірлемелері бар; еліміздің дамуының жаңа кезеңінде жаңа қоғамдық Шарт үшін негіз қалайтын әлеуметтік кодексті дайындау тәжірибесі бар.Форум – трансшекаралық өзендерді бірлесіп пайдалану, экологиялық және энергетикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету секілді аймақтың өзекті мәселелерін шешуге арналған алаң. Форумның маңызды басымдығы – мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық, елдердің зиялылары арасындағы диалогты тереңдету, Орталық Азия халықтарының ортақ мәдени және рухани мұрасын дәріптеу болып отыр. Осы жылдың қаңтар айында Бішкекте қазақ және қырғыз зиялыларының форумы өтті. Іс-шара Шыңғыс Айтматовтың 95 жылдығына арналды. Біздің халықтарымыз арасындағы мәдени және рухани байланыстарды нығайту үшін осындай зиялы қауым форумдарын көпжақты форматта өткізу маңызды. Форум жұмысының басым бағыттары Түркістан декларациясында баяндалатын болады. Декларация алдағы кезеңде Орталық Азия елдерінің парламентаралық ынтымақтастығы үшін берік негіз болады.