11 қаңтарда АҚШ-тың Мэриленд штатында қазақ жазушысы Мұхтар Мағауинмен қоштасу рәсімі өтті, - деп хабарлайды Aykin.kz.
Бұл оқиға туралы журналист Назира Байырбек өзінің инстаграм-парақшасында айтты.
Қоштасу рәсіміне жазушының отбасы, балалары мен немерелері, достары қатысты. Сондай-ақ Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Ержан Ашықбаев, сол жақтағы консул Жүсіп Орынбай, Америкадағы қазақ қауымдастығының өкілдері, АҚШ-та оқып жатқан студенттер де бар.
Жазушы Вашингтон маңындағы Parklawn Memorial зиратына жерленді.
Еске салайық, 10 қаңтар күні халық жазушысы Мұхтар Мағауин 85 жасқа қараған шағында қайтыс болды.