БҚО-да екі жыл бойы бопсалаумен айналысқан екі күдікті ұсталды
БҚО-да екі жыл бойы бопсалаумен айналысқан екі күдікті ұсталды
357
оқылды
Батыс Қазақстан облысында екі жыл бойы бопсалаумен айналысқан екі тұрғын ұсталды. БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, олар Орал қаласының 33 жастағы тұрғынын қорқытып, 11 млн теңгесін тартып алған. «Сонымен қатар одан бұрын күдіктілердің жәбірленушіге тиесілі саяжай мен жеке дүние-мүліктерін өз аттарына жаздырып алған. Осы қылмысқа күдікті ретінде бұрын істі болған 1966 және 1980 жылғы тұрғындар қолға түсті. Қазіргі кезде ҚР ҚК 194-бабы 2-бөлігіне (бопсалау) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлады ведомстводан.