Алматы облысында жол апатынан полиция қызметкері қаза тапты
Алматы облысында жол апатынан полиция қызметкері қаза тапты
392
оқылды
Алматы облысында 7 ақпан күні Lada Priora автокөлігінің 37 жастағы жүргізушісі Сарыбастау - Үлгілі автожолының 10-шақырымында келе жатып, қарсы қозғалыс жолағына шығып, Үшқоңыр ауылының 22 жастағы тұрғыны айдап келе жатқан Ladа-мен соқтығысқан.
Алған жарақаттарынан екі жүргізуші де оқиға орнында мерт болды. Ladа көлігінің 22 жастағы жүргізушісі Қарасай ауданы полиция бөлімінде учаскелік полиция инспекторы қызметін атқарған. Жол-көлік оқиғасы кезінде ол кезекті еңбек демалысында болған.
"Дерек бойынша Жамбыл ауданы полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қажетті сараптамалық тексерулер тағайындалды", - деп хабарлады ІІМ.