Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлінің бұйрығымен журналист Бекзат Жүсіп Qazcontent мемлекеттік ақпараттық агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды.
Бекзат Жүсіп 1989 жылы Маңғыстау облысында туған.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің Журналистика факультетін тәмамдады. ҚазХҚжС университетінің экономика магистрі. «Болашақ» бағдарламасының түлегі, Шығыс Англия университеті «Медиа, Мәдениет және қоғам» магистрі (Ұлыбритания).
Еңбек жолын 2006 жылы West радиостансасының жаңалықтар қызметінде редактор-жүргізушіліктен бастаған (Ақтау қаласы).
2007-2008 жылдары – «Қазақстан» РТРК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалында редактор-жүргізуші;
2008-2009 жылдары – «Алматы» телеарнасының ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясында редактор-жүргізуші (Алматы);
2009-2012 жылдары – «КТК» телеарнасында жаңалықтар қызметінің редакторы (Алматы, Астана);
2012-2013 жылдары – «Хабар» телеарнасының ақпараттық-сараптама дирекциясында бөлім продюсері (Астана), редактор-жүргізуші;
2013-2016 жылдары – Қызылорда облысы әкімі баспасөз қызметінің жетекшісі, баспасөз хатшысы;
2019-2021 жылдары – «Қазақстан» РТРК» АҚ МОФ - «Маңғыстау» телеарнасының директоры (Ақтау қаласы);
2021-2022 жылдары – Президент Әкімшілігі, Қазақстан Мемлекеттік хатшысы Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары болды.
2022 жылдың сәуір айынан бері Премьер-Министр кеңсесі басшысының орынбасары қызметін атқарды.
VII шақырымының Ақтау қалалық мәслихаты депутаты болған.
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.