Хатайдағы жер сілкінісі: 72 сағаттан кейін үйіндінің астынан 4 адамды құтқарды
Хатайдағы жер сілкінісі: 72 сағаттан кейін үйіндінің астынан 4 адамды құтқарды
Фото: Burak Yılmaz/AA
1,107
оқылды
Түркияның Кахраманмараш провинциясында құтқарушылар үйінділерді аршып жатыр. Хатайда зілзаладан жермен-жексен болған үйлердің қирандысының арасынан тірі табылып жатқандар да бар. Бұл туралы Aikyn.kz «Анадолы» агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. Антакия ауданында қирандының арасынан адамдардың жанұшырып көмек сұрап айқайлаған дауысы шыққан. Құтқарушылар дауыс шыққан маңайды анықтап, шұғыл көмекке кіріскен. Алайда қирандының астындағы адамдарды құтқаруда таудай болып үйілген үйінді кедергі болған. Жер сілкінісі болғаннан кейін арада 72 сағат өткен соң құтқарушылар 5 жастағы Хазал мен оның анасы Бетул Гунерді құтқарды.
Құтқарушылар бес жасар қыздан «су ішесің бе?» деп сұрағанда, «Мені әлі (дерігер – ред.) тексерген жоқ», – жеп жауап берген.
Сол маңайдан тағы екі адам – әкесі мен қызын да құтқарып, дәрігерлерге табыстады. Айта кетейік, бүгін Қазақстанның құтқарушылар хабарсыз кеткен отандастарымызды іздеу үшін таңертең Хатай қаласына барды. Сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Ислам ынтымақтастық ұйымы арқылы Сирияға гуманитарлық көмек жіберуді тапсырды.