Желіде жойқын жер сілкінісінен кейін үйінді астында қалған адамдарды құтқару сәтінен түрлі видеолар тарап жатыр.
Сондай видеолардың бірі Сириядағы құтқару жұмыстары кезінде түсірілген.
Құтқарушылар үйінді астынан әкесінің қолында аман қалған кішкентай баланы алып шықты. Алайда әкесі сол күйінде қайтыс болып кеткенін көруге болады.
Ер адам ұлын денесімен жауып, аман алып қалған.