Түркиядағы жер сілкінісі: үйінді астынан жоғалып кеткен қазақстандықтың денесі табылды
Түркиядағы жер сілкінісі: үйінді астынан жоғалып кеткен қазақстандықтың денесі табылды
© ҚР ТЖМ
2,130
оқылды
Қазақстан құтқарушылары Хатай провинциясындағы ең күрделі учаскелердің бірінде іздеу жұмыстарын жалғастыруда. Іздеу объектісі – толығымен қираған алты қабатты үй, үйіндінің көлемі 18 мың м3 асады.
"Жедел ақпарат бойынша, қазір  Қазақстанның бір азаматының денесі табылып, үйінді астынан шығарылды", –  делінген хабарламада.
Құтқарушылардың жұмысы көптеген үйінділермен, тұрақсыз құрылымдармен күрделене түседі. Қазақстандық құтқарушылар барынша тиімді жұмыс істеуде. Бұған дейін біздің құтқарушыларымыз осы объектіде Түркияның екі азаматының денесін тапқан болатын.