Түркиядағы жер сілкінісі: Мирболат Құрмашевтің мәйіті табылды
Түркиядағы жер сілкінісі: Мирболат Құрмашевтің мәйіті табылды
Фото: Facebook-тағы парақшасынан алынды
4,323
оқылды
Түркияның Хатай провинциясында жер сілкінісінен қирап қалған ғимараттан қазақстандық азаматтың мәйіті табылды. Rescue.kz Telegram арнасының мәліметінше, жоғалып кеткен екінші қазақстандық Мирболат Құрмашевтің мәйіті екені белгілі болды.
«Біз одан айырылып қалдық», – деп жазылған арна таратқан мәліметте.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, үйіндіні аршуға Қазақстаннан барған құтқарушылар да атсалысқан. Үйіндінің арасынан адамды іздегенде құтқарушылар алдын ала ойық саңылау жасады. Қирандының қауіпті болғанына қарамастан, мамандар кішкентай бос орындар арқылы ойықтың ішіне кірді. Қиранды қайта құлап, басып қалмау үшін тосқауылдардың арасынан саңылауды аз жасауға тырысты. Үйіндіде қауіпті тұсын бекітіп, үйдің қирандысын көтеріп, жылжытты. Кеше Түркияда үйінді астында қалып қойған Қазақстан азаматы Әділ Қадырбековтің де мәйіті табылды. Сыртқы істер министрлігі мәліметінше, Әділ Қадырбеков жер сілкінісі болған сәтте көз жұмған.