«Прогресс МС-22» ғарыш кемесі орбитаға шықты
«Прогресс МС-22» ғарыш кемесі орбитаға шықты
Прогресс МС-22 ғарышкерлерге 2,5 тоннадан астам жүк жеткізуі тиіс. Экипажға арналған 1354 килограмм құрғақ жүк, 420 литр ауыз су және басқа қажетті заттар бар. Фото Роскосмос сайтынан алынды. Авторы: Олег Артемьев
1,029
оқылды
Биыл алғаш рет «Союз-2.1а» зымыраны «Прогресс МС-22» жүк кемесін төменгі Жер орбитасына шығарды. Ертең жүк тасығыш Халықаралық ғарыш станциясымен (ХҒС) түйіседі. Кеменің ұшу параметрлерін РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап Aikyn.kz хабарлайды. [caption id="attachment_239949" align="aligncenter" width="1295"]Рисунок6 Біздің Балқаш ғарыштан. Фото Роскосмос сайтынан алынды. Авторы: Олег Артемьев[/caption] Роскосмостың хабарлауынша, зымыран 9 ақпан күні Мәскеу уақытымен сағат 9:15-те Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылды.
Прогресс 11 ақпанда Мәскеу уақытымен 11:47-де ХҒС-пен түйіседі деп жоспарланған. Бұған дейін жүк кемесі Жерді 34 рет айналып ұшады.
[caption id="attachment_239950" align="aligncenter" width="1295"]Рисунок7 Халықаралық ғарыш стансасынан түсірілген Жердің ғажап көріністері. Фото Роскосмос сайтынан алынды. Авторы: Андрей Борисенко[/caption]
Прогресс МС-22 ХҒС-қа 2,5 тоннадан астам жүк жеткізуі тиіс. Бұл стансаның экипажы мен жүйелеріне арналған 1354 килограмм құрғақ жүк, 720 келі жанармай, 420 литр ауыз су, 40 килограмм азот, «Спланх», «Нейроиммунитет», «Коррекция», «Импакт», «Терминатор» және «3D басып шығару» сияқты ғарыштық зерттеулерге арналған қосымша жабдықтар.
Жаңа жүк көлігінің ұшуына аз уақыт қалғанда ХҒС-та оған түйісетін орын берілді. Стансаның «Звезда» атты қызметтік модулінен 7 ақпанда Прогресс MS-20 жүк кемесі ажыратылып, кейін ол Тынық мұхитына батырылды.