SpaceX украиналық әскерлер үшін Starlink-тің шектелетінін жариялады
SpaceX украиналық әскерлер үшін Starlink-тің шектелетінін жариялады
SpaceX украин әскерилері мен жалпы халқы үшін байланыстың маңызды құралы болып отыр. Қазіргі уақытта компания украиналық қолданушыларға бұрын қойған бұғаттау мен шектеулерді алып тастады. Жаңа шектеулер қашан іске қосылатыны белгісіз. Фото ixbt.com сайтынан алынды
672
оқылды
SpaceX компаниясының президенті және бас директоры Гвинн Шотвелл CNN-ге берген сұхбатында Украинада Starlink спутниктік интернетіне қол жеткізу шектелетінін айтты. Соғыс жүріп жатқан елде спутниктік жүйенің жұмысының шектелу себебін SlashGear платформасына сілтеме жасап Aikyn.kz хабарлайды. [caption id="attachment_239953" align="aligncenter" width="1225"]Рисунок2 SpaceX-тің Украинаға қолдау көрсетпеуін Шотвелдің өз мойнына алу әрекетіне қарамастан, компанияның саяси қимылдарының көпшілігі оның негізін қалаушы Илон Маскке байланысты болуы мүмкін. Фото hightech.plus сайтынан алынды[/caption] SpaceX-тің негізін қалаушы Илон Маск Украинада соғысты тоқтатуға және екі жақты бітімгершілік келісімге келуге шақырған кезде «компания спутниктік интернетке украиналық әскерлердің қол жеткізуін шектеуге көшті» деп хабарлайды CNN.
CNN-ге берген сұхбатында Шотвелл Украинадағы Starlink қызметін АҚШ әскерилері қаржыландыруды өз мойнына алмаса, жауып тастау қажеттігі туралы ұсынысты өзінің айтқанын мойындаған: «Пентагоннан оны қаржыландыруды сұраған мен болдым. Бұл Илонның ісі емес».
[caption id="attachment_239954" align="aligncenter" width="1805"]Рисунок3 CNN-ге берген сұхбатында Гвинн Шотвелл Украинадағы Starlink қызметін АҚШ әскерилері қаржыландыруды өз мойнына алмаса, жауып тастау қажеттігі туралы ұсынысты өзінің айтқанын мойындаған: «Пентагоннан оны қаржыландыруды сұраған мен болдым. Бұл Илонның ісі емес». Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: Gary Gershoff[/caption] SpaceX-тің Украинаға қолдау көрсетпеуін Шотвелдің өз мойнына алу әрекетіне қарамастан, компанияның саяси қимылдарының көпшілігі оның негізін қалаушыға байланысты болуы мүмкін. Илон Маск украиналықтар оның компанияларының қызметін пайдаланатынына бірнеше рет наразылығын білдірді.
Қазан айында, Маск Twitter-ді сатып алудан бірнеше күн бұрын өзінің бейбітшілік жоспарын ұсыну үшін бұл әлеуметтік желіні пайдаланды. Ол жоспарды украиналық және халықаралық бақылаушылар ресейшіл деп айыптаған.
АҚШ-тың ірі радиостанциясы NPR-ның хабарлауынша, Кремльге Масктың жоспары ұнаса, Украина билігі оған қарсы болған. Украинаның бас тартуы Маскқа да ұнамаған болуы керек ол біраз уақыттан кейін Starlink-ті Украинада қолдануға тыйым салғысы келді. Алайда, америкалық қоғамның қысымы бұл қадамды тоқтатты. [caption id="attachment_239955" align="aligncenter" width="1800"]Рисунок4 Кремльге Масктың жоспары ұнаса, Украина билігі оған қарсы болған. Илон Маск Starlink-ті Украинада қолдануға тыйым салғысы келгенімен, америкалық қоғамның қысымы бұл қадамды тоқтатты. Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: Metin Aktas[/caption]
Масктың іс-әрекетіне қарамастан, SpaceX украин әскерилері мен жалпы халқы үшін байланыстың маңызды құралы болып отыр. Қазіргі уақытта компания украиналық қолданушыларға бұрын қойған бұғаттау мен шектеулерін алып тастады.
CNN телеарнасының хабарлауынша, украиналық әскери бөлімшелер де, Украина азаматтары да соғыс жағдайында Starlink жүйесін қолдануды жалғастыруда. Әзірше, SpaceX компаниясының президенті Гвин Шотвелл айтқан жаңа шектеулер қашан іске қосылатыны да белгісіз.