Түркиядағы зілзала: бесікте жатқан сәби 72 сағаттан соң үйіндінің астынан тірі табылды (видео)
Түркиядағы зілзала: бесікте жатқан сәби 72 сағаттан соң үйіндінің астынан тірі табылды (видео)
Фото: tgrthaber Instagram парақшасындағы видеодан скриншот
22,341
оқылды
Хатайдағы жер сілкінісінен кейін бірнеше күн өтті. Құтқарушылар қираған үйдің үйіндісінің астынан сәбиді 72 сағаттан кейін тірі тапты. Бұл туралы Aikyn.kz TGRT Haber-ге сілтеме жасап хабарлайды. Үйіндінің астынан баланы алып шыққан құтқарушының айтуынша, анасы бесіктегі баласын денесімен жауып аман алып қалған. Аднан есімді балақай зілзала болған сәтте бесікте жатқан екен. Анасы үй жермен-жексен болып қирағанда бесікті кеудесімен қорғап қалған. Бұған дейін Хатайда үйінді астынан тірі табылған қазақстандық қыз туралы жазған болатынбыз.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от TGRT HABER (@tgrthaber)