Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы болған оқиғаны үлкен өкінішпен қабылдап, еліміздегі мұсылман жамағатынан кешірім сұрады.
Мас күйінде ұсталған Қостанайдың бас имамы қызметінен босады
19,488
оқылды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы көлікті мас күйінде жүргізгені үшін қамауға алынған Қостанай облысының бас имамы Бақытбек Тәжімбетке қатысты мәлімдеме жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

"Діни басқарманың қызмет жүйесінде заң нормаларын және дін қызметкері этикасын өрескел бұзатын жеке тұлғалардың діни салада жұмыс істеуіне моральдық тұрғыдан құқығы жоқ. ҚМДБ дін қызметкеріне лайықсыз әрекет жасаған Бақытбек Тәжімбетті Қостанай облысының бас имамы қызметінен босатты. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы болған оқиғаны үлкен өкінішпен қабылдап, еліміздегі мұсылман жамағатынан кешірім сұрайды", – деді ҚМДБ баспасөз қызметінен. 

Айта кеткен жөн, осыған дейін Қостанай облысының бас имамы Бақытбек Тәжімбет 23 шілде күні Ақмола облысының Бурабай кентінде мас күйінде автокөлікке отырып, жол ережесін бұзғаны үшін 15 тәулікке қамалып, жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырылған еді.