“Балқаш жолбарысы” деген лақап атпен танылған Ернат Түгелбеков кезекті айқасын жеңіспен аяқтады.
Үш сағат бұрын қаралы хабар келді: Қазақ спортшысы жекпе-жек соңында анасын еске алып, көзіне жас алды
33,116
оқылды

Алайда, ол бұл жаңалығын анасына сүйіншілей алмады, – деп жазды Aikyn.kz.

“Осыдан 3 сағат бұрын суық хабар келді. Таңертең анашым Раббысына қайтыпты, жаны жәннатта болсын! Бүгін шыққым келмеген еді, бірақ шықтым. Ақша керек дегендей… Анашым 7 жыл қатерлі ісікпен күресті. Анашым, сіз осы аурудан жазылып шықсаңыз, Меккеге, Дубайға апарамын ба деген ой болған. 7 жыл көрген қиыншылығыңызды ақтаймын деп қыдыртамын ба дегенмін. Анам қатты ауырды”, – деп жылады спортшы.