Шеберлік шыңдалуда
Шеберлік шыңдалуда
393
оқылды
Әскерилер қашанда Отан қорғауға дайын болуы керек. Ал  Жамбыл облысындағы «Айша бибі» полигонында «Оңтүс­тік» өңірлік қолбасшылығының радиациялық, химия­лық және биологиялық қорғаныс бөлімдерінің лагерлік жиыны осыны айғақтай түседі. «Оңтүстік» өңірлік қолбас­­шы­лы­ғы әскерлерінің жауынгерлік даяр­лық жоспарына сәйкес әскери хи­миктердің далалық шығуы қыс­қы уақытқа белгіленген. Он күн бойы әскери химиктер тәжі­ри­бе жүзіндегі іс-әрекеттерді жү­­зе­ге асырады. Радиациялық, хи­­миялық және биологиялық қор­­ғаныс бөлімшелерін лагер­лік жинау жылына екі рет өткі­зі­леді. «Далалық шығу кезінде ра­диациялық, химиялық және био­­­логиялық барлауды жүр­гізу бо­йынша практикалық жат­ты­ғулар өткізіледі. Сонымен қатар арнайы машиналардың орналастырылуы пы­сықталып, дозиметрлік және хи­м­иялық құрылғылармен жұ­мыс істеу бойынша жаттығулар жүргізілуде», – деп атап өтті «Оң­түс­тік» өңірлік қолбасшылығы РХБҚ әскерлерінің бастығы под­пол­ковник Серікжан Тоқбо­ла­тов. Сонымен қатар Әскери бөлім­дер радиациялық, химиялық және биологиялық қауіпті нысандарды, жауынгерлік іс-қимылдардың әртүрлі жағдайларында қауіпті­лік­ті жою міндеттерін орындайды. «Осындай далалық шығулар әскери қызметшілерге құрылғылар және қондырғылармен жұмыс іс­теуде арнайы тапсырмаларды орын­дауда жақсы тәжірибе береді, со­ны­мен қатар бөлімшелердің үй­ле­сімділігін арттыруға көмек­те­­седі. Оқу полигонындағы прак­ти­­ка­­л­ық жаттығулар кезінде әскери қыз­метшілердің кәсіби ше­­берлігі жо­ғары бағаланады», – дейді ла­герь бастығы, әскери бө­лім ко­ман­дирі майор Тахир Сағын­ға­нов. «Айша бибі» полигонында тұру үшін арнайы лагерь құрылып, ша­руашылық көмек бекеті орна­ла­сып, жоғары басшылықпен бай­­ланыс орнатылған. Иә, әс­кер­­дің шеберлігін сынап тұру қашан­да маңызды.   Ә.БЕК