Несіпбек Айтұлы: Астана резеңке емес, келушілерді шектеу керек

Несіпбек Айтұлы: Астана резеңке емес, келушілерді шектеу керек

Белгілі ақын бұл туралы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбектің Байқоңыр ауданы халқымен кездесуі барысында айтты. Ол оқушылардың жыл сайынғы легін мысалға келтіріп, ойын білдірді.

"Мына кейінгі 30 жылда қоғам алмасқаннан кейін жұрттың бәрі қалаға ағылып жатыр. Ауыл қалып жатыр. Өткенде әкімнің есеп беруінде естідім, Құдай-ау, жылына 40 мың  оқушы келеді екен. Астана созыла беретін резеңке емес қой енді. Сондықтан болашақта астанаға келушілерді шектеу керек. Басқа қалаларды дамыту, басқа өңірлерді дамыту керек. Астананы бұлай соза беретін болса, су мәселесі де, басқа мәселелер де шығады келешекте", – дейді ақын.
Айта кетейік, Несіпбек Айтұлы бір сұхбатында Иманғали Тасмағамбетов өз ақшасына 4 бөлмелі үй алып бергені туралы айтқан еді.