Жеңіс Қасымбек астаналықтар жеке қабылдауына қалай жазыла алатынын айтты
Жеңіс Қасымбек астаналықтар жеке қабылдауына қалай жазыла алатынын айтты
537
оқылды
Астана әкімі Жеңіс Қасымбек қала тұрғындарына жеке қабылдауға қалай жазылуға болатынын еске салды.
«Азаматтарды қабылдауға eGov.kz, e-otinish порталы немесе қала әкімдігінің кеңсесі арқылы жазылуға болады. Өзара байланысты күшейтуде әлеуметтік орталықтардың да көмегі зор: «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы (Бейбітшілік көшесі, 14), Тұрғын үй саласында қызмет көрсету жөніндегі бірыңғай орталық (Республика даңғылы, 32)», - деп жазды қала басшысы Instagram-дағы жеке парақшасында.
Желтоқсан айының басында Астана әкімі лауазымына кіріскен Жеңіс Қасымбек қала тұрғындарын апта сайын жеке қабылдайды. 29 желтоқсанда өткен қабылдау барысында елордалықтар бірқатар проблема көтерген.
«Ол мәселелердің шешілу барысын бақылауда ұстаймын. Қазір қабылдауымда 100-ден астам отбасы кезекте тұр, ал олардың қатары уақыт өткен сайын артып келеді. Проблемаларды барынша жедел шешуге тырысамыз. Азаматтарды қабылдау жұмысы апта сайын өткізіледі, оның ішінде қала тұрғындарымен жергілікті орындарда кездесуді де жалғастырамыз», - деді Ж.Қасымбек.