Коронавирус індетінің ошағы Ухань қаласында алғашқы мамандандырылған аурухана жұмысын бастады, - деп хабарлады Associated Press.
Ол 10 күннің ішінде салынып бітті. Хошэньшань ауруханасы мың орынға есептелген. Оның құрылысы 23 қаңтарда кешке басталып, жедел қарқынмен жүргізілді.
Ал Уханьда орналасқан екінші мамандарылған аурухана 6 ақпанда пайдалануға беріледі.