«Қазақ хандығы. Алтын тақ» Үндістанда
«Қазақ хандығы. Алтын тақ» Үндістанда
1,136
оқылды
Режиссер Рүстем Әб­ді­рашовтың «Қазақ хан­ды­ғы. Алтын тақ» та­ри­хи филь­мі 2020 жыл­ғы ақ­панның 26 мен 4 нау­рыз аралығында Үн­діс­­­тан­да­ғы Карнатака шта­ты, Бан­галор қала­сын­­да өте­тін XXI Bengaluru international film festival ки­нофестивалінің Asian Cinema Competition бағ­дар­ламасына қа­тысады. Карнатака штаты үкіметінің тапсырысы бойынша Chalana­c­hit­ra академиясымен ұйым­­дас­тырылған үнді кино­фес­­­тивалі Азия және үнді ки­но­­сының конкурстық бағ­­дар­­ламаларын қамтиды, сон­дай-ақ фестиваль­дың «Әлемдік па­норама» сын­ды конкурстан тыс бағ­дар­ламасы шеңберінде FIP­RESCI және NETPAC жүл­де­лері­нің жеңімпаз фильм­­де­рінің көр­се­ті­лімі ұйым­дас­­тырылады. Жыл сайын фес­ти­вальға 50 елден 200-ден ас­там фи­льм қатысады. Естеріңізге сала кетейік, «Қа­зақ хандығы. Алтын тақ» та­рихи картинасы – «Қазақ хан­дығы» телехикаясының екін­ші маусымының кино нұс­қа­сы. Бұл ауқымды тарихи жоба Ұлы дала үшін күрес жә­не қазақ мемлекеттілігінің құ­­­ры­луы туралы баяндайды. Та­­ри­хи кино дилогиясы Ілияс Есен­­берлиннің «Көшпенділер» три­­логиясындағы алғашқы «Ал­мас қылыш» романына не­гіз­­­делген. Фильмді Қазақстан Респуб­ли­касы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен Ш.Айманов атындағы «Қазақ­фи­льм» киностудиясы Centau­rus Rustem Abdrashev production компаниясымен бірлесіп түсір­ді.   Әділ БЕК