Ең сенімді көліктер анықталды
Ең сенімді көліктер анықталды
Америкалық JD Power компаниясы нарықтағы ең жақсы және ең нашар көліктердің 2023 жылғы тізімін шығарды. Технологиялық қиындықтарға қарамастан көліктердің сенімділігі артып келеді. Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: Matt McClain
1,216
оқылды
Көліктің ұзақ уақыт қызмет етуі мен сенімді болуы барлық тұтынушы үшін маңызды саналады. Жиі жөндеуді қажет ететін көліктер жүйке мен әмиянды жұқартады. Отбасының демалысы мен күнделікті шаруасына қолданатын көліктер туралы SlashGear сайтына сілтеме жасап Aikyn.kz хабарлайды. [caption id="attachment_240179" align="aligncenter" width="1800"]Рисунок2 Lexus барлық брендтер арасында 1-орынды иемденсе, Kia үшінші жыл қатарынан орташа нарықтағы брендтер арасында үздік деп танылған. Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: Sjoerd van der Wal[/caption] Сенімді қызмет ететін автокөлік сатып алу және бренд таңдау бүгінгі тұтынушы үшін аса жауапты мәселе болып саналады. Осы факторларды бағалау қиын болуы мүмкін. Қазір автокөліктерді сынақтан өткізетін тәуелсіз сараптама орталықтары бар.
Маркетингтік зерттеулермен айналысатын америкалық JD Power нарықтағы ең жақсы және ең нашар көліктердің 2023 жылғы тізімін шығарды. JD Power технологиялық қиындықтарға қарамастан, көліктердің сенімділігі артып келеді деп санайды.
Зерттеу нәтижесі бойынша, Lexus барлық брендтер арасында 1-орынды иемденсе, Kia үшінші жыл қатарынан орташа нарықтағы брендтер арасында үздік деп танылған. [caption id="attachment_240180" align="aligncenter" width="1800"]Рисунок3 General Motors-тың әрбір бренді (Chevy, Cadillac, GMC және Buick) орташадан жоғары деп бағаланды. Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: Woohae Cho[/caption] Зерттеуде 2020 жылы шығарылған көліктердің қазіргі   жағдайы, сапасы мен құрамдас бөліктерін ауыстыру, соның ішінде жаңа технологиясы бар көліктер тұрғысынан қалай жұмыс істейтіні талданған. JD Power әртүрлі брендтердің көліктерін зерттеп, әрқайсысына ұпай берді. [caption id="attachment_240181" align="aligncenter" width="1805"]Рисунок4 Сенімді автокөлік сатып алу және бренд таңдау аса жауапты мәселе. Осы факторларды бағалау қиын болуы мүмкін. Қазір автокөліктерді сынақтан өткізетін тәуелсіз сараптама орталықтары бар. Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: Kyodo News[/caption]
Сатып алуға болатын ең сенімді брендтерге арналған сауалнамада Lexus, Genesis және Kia көш бастады.
Жеңімпаз атанған Lexus таңғалдырмайды, өйткені ол өзінің аты аңызға айналған сенімділігімен әйгілі болған Toyota брендінің премиум санатындағы өнімі. Ал Toyota жетінші орынды иеленді. General Motors-тың әрбір бренді (Chevy, Cadillac, GMC және Buick) орташадан жоғары деп бағаланды.
Арнайы үлгілерге келетін болсақ, JD Power жақында өндірісі тоқтатылатын Toyota C-HR және Lexus RX-ті бүгінде сатып алуға болатын ең сенімді модельдер ретінде атады.
Шолуда Tesla көліктері толық қатыспаған, өйткені компания қолданушы деректерін жарияламайды. Land Rover, Lincoln және Audi, өкінішке қарай  ең нашар балл жинаған бренд деп аталды.