Түркиядағы зілзала: 166 сағаттан соң 60 жастағы әйелді құтқарды  
Түркиядағы зілзала: 166 сағаттан соң 60 жастағы әйелді құтқарды  
Фото: aa.com.tr
2,584
оқылды
Түркияның Адыяман қаласында да жойқын жер сілкінісі болды. Зілзаладан кейін бір апта өткеннен кейін аман қалған адамдарды құтқарушылар қирандының астынан алып шығып жатыр. Бұл туралы Aikyn.kz «Анадолыға» сілтеме жасап хабарлайды. Адыяманның апат болған Бесни ауданында 166 сағаттан соң 60 жастағы Еренгүл Өндерді құтқарды. Тірі табылған әйелді құтқарушылар дәрігерлерге табыстады.    width= Құтқарушылар үміттен күдік басым аймақта күндіз-түні жұмыс істеп жатыр. Бұған дейін бесікте жатқан сәби 72 сағаттан соң аман табылғаны туралы жазған болатынбыз.