Мектепке балта мен пышақ алып келген оқушы дәлізде кездескен балаларды жарақаттады   
Мектепке балта мен пышақ алып келген оқушы дәлізде кездескен балаларды жарақаттады   
5,748
оқылды
Бүгін таңертең Петропавл қаласындағы №4 орта мектепте төтенше жағдай болды. Таңғы сағат 7:50-де 9-сынып оқушысы сөмкесіне ас үй балтасы мен пышағын салып, мектепке ала кірген. 2-қабатқа көтеріліп, дәретханада басқа киім мен бетперде киіп шыққан да, дәлізде кездескен 9 және 10-сыныптардың үш оқушысын (1 қыз және 2 ер бала) жаралаған. Зардап шеккен балалардың біреуі қан-жоса күйінде бірінші қабатқа жүгіріп түскен. Қазір олар облыстық балалар ауруханасында. Біреуіне сол жерде медициналық көмек көрсетілді. Алдын ала диагноздары – бас жарақаты және пышақ жарақаты. Облыстық прокуратураның алдын ала мәліметі бойынша пышақ ала жүгірген бала психиатриялық есепте тұрған. Былтыр 2 қыркүйек пен 24 қараша аралығында психдиспансерде емделген. 2-тоқсанның орта кезінен бастап оқуға кіріскен. Айта кету керек, мектепте арнайы мамандандырылған күзет жоқ. Облыстық білім басқармасының мәліметінше, осы дерек бойынша қазір №4 орта мектепте тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.