QI Trade Kazakhstan қаржы пирамидасының 15 қызметкері сотталды
QI Trade Kazakhstan қаржы пирамидасының 15 қызметкері сотталды
Фото: mail.kz
524
оқылды
Бас прокуратураның Арнайы прокурорлар қызметі QI Trade Kazakhstan (Qarat Invest) қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға қатысты қылмыстық істі тергеп-тексерді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Қаржы пирамидасының бас офисі Алматы қаласында орналасқан, сондай-ақ өңірлерде 12 филиал жұмыс істеген. AMAZON (АҚШ) бүкіләлемдік алаңында сауда жасау деген атпен, сенімгерлік басқару негізінде азаматтар процент түрінде одан әрі кіріс алу үшін ақша салған. Салымшыларға салым сомасына байланысты жылдық 96%-ке дейін пайда уәде етілген. Соның салдарынан компания 6 млрд теңгеден астам қаржыны жымқырған. 1345 азамат жапа шеккен. Азаматтарды алдау схемасын жасаған, сондай-ақ компанияның бас офисі және филиалдары басшыларының кінәсін прокуратура дәлелдеді. Нәтижесінде, Бостандық аудандық сотының үкімімен 15 адам 6 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Бас прокуратура азаматтарды қырағы болуға шақырады.