Петропавлда 9-сынып оқушысы балтамен ұрған екі балаға ота жасалды
Петропавлда 9-сынып оқушысы балтамен ұрған екі балаға ота жасалды
Фото: tengrinews.kz
Петропавлда 9-сынып оқушысы мектепке балта, пышақ алып барған. Мектептегі балаларды балтамен ұрған. Зардап шеккен екі бала қазір жансақтау бөлімінде жатыр, дәрігерлер ота жасады. Солтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, таңғы сағат 08:26-да жедел жәрдеммен үш бала жеткізілді. Жасөспірімдерде түрлі жарақат болды. Біреуіне қабылдау бөлмесінде көмек көрсетіліп, амбулаторлық ем алу үшін үйіне жіберілді. Қалған екі баланы жедел түрде ауруханаға жатқызуға тура келді. Операция залында наркоз арқылы жарақаттары өңделді. Қазіргі уақытта екі баланың да жағдайы қалыпқа келді. Науқастар жансақтау бөлімшесінде жатыр. Бұған дейін мектепке балта алып келген бала дәрігерлердің есебінде тұратынын хабарлаған болатынбыз.