Лондонда түнде жарық сөндіріледі
Лондонда түнде жарық сөндіріледі
Лондонның Square Mile деп аталатын іскерлік ауданында бос кеңселердегі жарықты сөндіру ұсынылды. Ұсыныс бейнелік ластануды азайту мен энергияны үнемдеуге бағытталған дейді Financial Times басылымы. Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: Richard Baker
697
оқылды
Лондонның Square Mile деп аталатын іскерлік ауданында бос кеңселердегі жарықты сөндіру ұсынылды. Ұсыныс бейнелік ластануды азайту мен энергияны үнемдеуге бағытталған дейді Financial Times басылымында жарияланған мақалада. Әлемнің іскерлік орталығындағы өзгерістердің нақты себебі туралы Aikyn.kz осы мақалаға сілтеме жасап хабарлайды. [caption id="attachment_240333" align="aligncenter" width="1818"]Рисунок2 Лондон билігі бейнелік ластануды азайту және энергияны үнемдеу үшін зәулім ғимараттарда түнде жарықты сөндіруді сұрайды. Түннің белгілі бір сағаттарынан кейін қызметкерлері аз немесе мүлдем жұмыс істейтін кеңсе ғимараттарында жарық сөндіріледі. Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: In Pictures Ltd[/caption] Лондон билігі бейнелік ластануды азайту және энергияны үнемдеу бойынша жаңа стратегияның бір бөлігі ретінде зәулім ғимараттарда түнде жарықты сөндіруді сұрайды.
Әдетте бейнелік ластану (видео ластану) деп табиғи ландшафтардың жасанды құрылғылармен бұзылуын айтады. Бейнелік ластанудың ең көп тараған түрі – тым айқын түсті сыртқы жарнаманың шамадан тыс көп болуы, бұл жасанды көрнекі ақпараттың көптігін тудырады.
Сондықтан қала билігі түннің белгілі бір сағаттарынан кейін қызметкерлері аз немесе мүлдем жұмыс істемейтін кеңсе ғимараттарында жарықты қажетсіз пайдалануды шектегісі келеді. Square Mile ауданындағы жылжымайтын мүлік иелерінен Лондон Сити корпорациясы «жарық аймақтарды» құру туралы ұсынысы бойынша ғимараттардағы қажетсіз шамдарды сөндіруді талап етпекші.
«Уақыт өте келе, жаңа зерттеулер пайда болған сайын, біз қаладағы жарықтандыруға деген көзқарасымызды өзгертеміз», – делінген корпорацияның стратегиялық жоспарлау құжатында.
[caption id="attachment_240334" align="aligncenter" width="1800"]Рисунок3 Коменданттық сағат кезінде қауіпсіздік немесе қылмыстың алдын алу үшін қажетті сыртқы жарықтардан басқасын ғимараттарда сөндіру немесе азайту көзделген. Ішкі жарықтандыру да қызметкерлерге қажетті деңгейге дейін азайтылатын болады. Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: Richard Baker[/caption] Корпорация бекітетін коменданттық сағат кезінде қауіпсіздік немесе қылмыстың алдын алу үшін қажетті сыртқы жарықтардан басқасын ғимараттарда сөндіру немесе азайту көзделген.
Ішкі жарықтандыру да қызметкерлерге қажетті деңгейге дейін азайтылатын болады. Ерекше мәртебесі бар және тұрғын аудандарда коменданттық сағат орталық іскерлік аудандарға қарағанда ертерек енгізіледі.
Қала билігінің айтуынша, жарықтық ластануымен күрес кейбір адамдардың түні бойы, әсіресе, іскерлік уақытта жұмыс істейтіндігі мен көптеген жергілікті мейрамханалар кеш жабылатыны ескеріліп жүргізіледі.
Лондон Сити корпорациясының жарықтандыру стратегиясында қаланың тарихи сипаты мен тұрғындардың пікірі қорғалып, олардың қауіпсіздігі мен қолжетімділігін қамтамасыз ететін байыпты және ыңғайлылық қағидалары ескерілген.
[caption id="attachment_240335" align="aligncenter" width="1913"]Рисунок4 Қала билігі тұрғын үйлер мен ерекше мәртебеге ие аудандар үшін сағат 22.00-де, мәдени және туристік аймақтар үшін сағат 23.00-де, сауда және көлік тораптары үшін түн ортасында коменданттық сағатпен белгіленген «жарық аймақтардың» үш түрін ұсынады. Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: Yui Mok[/caption] Лондон қаласының құрылыс салушылары жаңа ғимараттар салу процесінде Ситидің жоспарларымен келісуі керек. Қолданыстағы ғимараттардың иелерін де Сити ережелерді сақтауды сұрайды. Бірақ жергілікті биліктің оларды орындатуға заңды құқығы жоқ. Сондықтан олардан қаладағы жарықтандыруды жақсарту үшін ерікті хартияға қол қою ұсынылады.
Жергілікті билік стратегиялық құжат бойынша кеңестер өткізеді. Қала билігі тұрғын үйлер мен ерекше мәртебеге ие аудандар үшін сағат 22.00-де, мәдени және туристік аймақтар үшін сағат 23.00-де, сауда және көлік тораптары үшін түн ортасында коменданттық сағатпен белгіленген «жарық аймақтардың» үш түрін ұсынады.
Корпорация бұл ұсыныстар 2040 жылға қарай көмірқышқыл газының нөлдік шығарындысына қол жеткізуге көмектесетінін айтады.